Қоғам

Қазақстанда дәрі-дәрмек арзандайды

© Sputnik / Болат ШайхиновДәрі-дәрмектер, ақша
Дәрі-дәрмектер, ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрі-дәрмектер үшін бөлшек сауда және көтерме бағасын анықтау жоспарланып отыр

АСТАНА, 8 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын реттеу жөніндегі заң жобасы таяу арада үкіметке ұсынылады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің маманы Арнұр Нұртаев. Жұма күні конференцияда сөз сөйлеген ол, мемлекет алдында тұрған мәселелердің бірі, дәрі-дәрмектердің бағасы екенін айтып өтті. 

 

Бақылаусыз бағалар 

Нұртаев, Қазақстанда жекеменшік дәріханалардың саны өте көп екенін атап өтті. 

"Бүгінгі таңда елімізде 10 мың дәріхана, сегіз мың атаулы дәрі-дәрмек түрлері тіркелген. Яғни, іс жүзінде дәрі-дәрмек қажеттілігі біршама шешілген", — деді Нұртаев. 

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов - Sputnik Қазақстан
Экономика
ЕАЭО дәрі-дәрмек нарығы Қазақстан үшін несімен тиімді

Осындай жағдайда дәрі-дәрмектің өндірушілері өздері қалаған бағаны орнатады. Осының арқасында өндіруші маркетингке жұмсалатын бюджет көлемін де арттыра алады. 

Маман өз сөзін: "Мысалы, дәріханалар өздерінің кіріс көлемін еш бақылаусыз, еш шектеусіз орнату құқығына ие. Әлдекімдердің айтуынша, бұл нарықтық қатынас, экономика заңдылығы болуы да мүмкін. Біз онымен толығымен келісеміз. Дегенмен, кейбір дәріханалар нарықтық қатынастарға қарамастан, кей жағдайда 200, және 300% көлемдегі үстеме баға қосады", — деп жалғастырды.

Оның берген мәліметтеріне сәйкес, Қазақстандағы дәрі-дәрмектің бағасы басқа мемлекеттерден, мысалы, Шығыс Еуропа және ЕАЭО елдерімен салыстырғанда әлдеқайда қымбат. 

Сонымен қатар, Нұртаев: "Көпшілік, Қазақстан Еуропадан алшақ орналасқан, логистикалық байланыс қымбат, дейді. Алайда, Еуропадан орналасу қашықтығы Қазақстанмен сәйкес келетін мемлекеттерде баға көлемі арзан болып келеді", — деді.

Осыған байланысты фармация комитеті республикадағы дәрі-дәрмек бағасын реттеу бойынша өзіндік жоба дайындады. 

"Бүгінгі таңда заң жобасы мемлекеттік органдардың қарастырылуында және таяу арада премьер-министрдің, ҚР үкіметінің кеңсесіне ұсынылады", — деп хабарлады комитет өкілі. 

 

Біртіндеп ауысу 

Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Айнұр Айыпханованың айтуынша, дәрі-дәрмек бағасын реттеу біртіндеп қолға алынады. 
Конференция аясында Айыпханова журналистерге: "Ең алдымен, рецептуралы (дәрілер-ред.) түрлерінен бастауымыз мүмкін. Себебі, оларды бақылау оңай, алайда, біраздан соң бұл барлық дәрі-дәрмек түрлеріне қатысты болады.Тұтастай алғанда, қолға алған бұл бағытта нарықтағы дәрі-дәрмек бағасын арзандатып, тұтынушыға қолжетімді етуі керек", — деді. 
Оның айтуынша, мәселені талқылау барысында шетелдік мемлекеттер тәжірибесі қарастырылды. 
Бас директор: "Кей мемлекеттерде баға қатты бақылауға алынып, мүлде төмен болып табылады, мысалы Түркияда. Нәтижесінде, кейбір әлемдік фармакомпаниялар Түркияға дәрі-дәрмектерін жөнелтуден мүлде бас тартқан", — деп атап өтті. 
"Алайда, біздің байқағанымыздай, Қазақстанда мемлекеттік тапсырыстан тыс сатып алынатын дәрі-дәрмектердің бағасына қандай да бір реттеудің болмауы салдарынан тұтынушылар зардап шегіп отыр. Сатушы қандай бағаны қаласа, сол бағаны қойып отыр. Кей жағдайда оның көрсеткіші ақылға қонымсыз болады ", — деді Айыпханова.
Бұған дейін айтылғандай, Қазақстан мәжілісіне бұл заң жобаны осы жылдың қыркүйек айында енгізу жоспарланды. 

Жаңалықтар
0