Қоғам

Астана тұрғындарына осы демалыста қала сыртында болуға кеңес берілді

© Sputnik / Болат ШайхиновРеттеуші
Реттеуші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы демалыста Астанаға жиырмаға жуық елдің мемлекет басшылары келеді

АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Полиция Астана тұрғындарына алдағы демалысты қала сыртында өткізуге кеңе береді, өйткені елордаға шетелдік президенттер келмек, деп хабарлайды ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы орынбасары Талғат Мұсақанов.

Астанадағы ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО соңғы күні: көрменің 10 қыркүйектегі жұмыс кестесі

Оның айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылу салтанатына дейін Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. 

"18 мемлекет басшысы келеді деп жоспарланған. Бұл қала үшін шынымен де ауыр жүктеме, әр мемлекет басшысымен бірге жүріпі, сегіз қонақ үй және екі резиденцияға орналастыруымыз керек. Шара Тәуелсіздік сарайында өтетін болады", — деді Мұсақанов бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге саммит қатысушылары ЭКСПО жабылу салтанатына да барады. Құқық қорғау органдары арасында дайындық жүргізіліп, қауіпсіздікті сақтау бойынша алгоритм меңгерілді.

"Қазір бәрі бақылауда, сіз айтқандай көлік кептелісі болмайды деп ойлаймын. Дегенмен шыдауға тура келеді. Қонақтармен бірге жүру қажет, әрқайсының кортежі бар. Сол себепті тұрғындардың қала сыртына шығып, сенбі-демалыс күндері демалғандары жөн", — дейді Мұсақанов.

Жаңалықтар
0