Қоғам

ЭКСПО соңғы күні: көрменің 10 қыркүйектегі жұмыс кестесі

© Sputnik / Ксения ВоронинаАстанадағы ЭКСПО-2017
Астанадағы ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күндіз павильондар әдеттегідей жұмыс жасайды, ал кешке қарай от шашуы бар жабылу салтанаты өтеді

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. 10 қыркүйек, жексенбі күні көрме кешенінің территориясында ЭКСПО-2017 жабылу салтанаты өтеді. "Астана ЭКСПО-2017" АҚ ұлттық компаниясы бұл күні көрменің жұмыс кестесі жайында айтып берді. 

Жексенбі күні барлық павильондар келушілерді әдеттегі жұмыс тәртібі бойынша 9:30-20:00 аралығында қабылдайды. Кіреберістегі кассалар 08:30-18:30 және 22:00-00:30 ашық болады. 19:00 — 22:00 аралығында барлық кіреберістер жабық болады. ЭКСПО қонақтарына оңтүстік және батыс кіреберістегі есіктер 22:00-01:00 аралығында қайта ашылады. 

ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО-2017 келушілерге есігін айқара ашты

Павильондардың атриумдары сағат  22:00 ашылып 2:30 (11 қыркүйек) дейін жұмыс жасайды. Бұл уақыт аралығында халықаралық павильондар өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынады. Көрме кешенінің территориясындағы ресторандар мен тамақтану орындары ЭКСПО-2017 қонақтары үшін 22:00-02:30 (11 қыркүйек) қызмет көрсетеді. Көрме жүмысының аяқталуы — 03:00 (11 қыркүйек) болады.

Оған қоса, сол күні 18:35 және 20:00 уақытында екі парад өткізіледі. 

Жабылу салтанатының ресми бөлімі конгресс-орталықтың ғимаратында өтеді, алайда  20:00-20:50 дейін амфитеатр сахнасында тікелей трансляция болады.

Концерттік бағдарлама 18:00-ден 20:00 дейін және 21:00-ден 23:10-дейін амфитеатр сахнасында өтеді. Концерттік бағдарламаға кіру ЭКСПО-2017 кіру билеттеріне сәйкес қарастырылған. Жабылау салтанатына орай ұйымдастырылған 21:15 болады.

"Болашақ энергиясы" атты тақырыптағы Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі Астанада 10 маусымнан 10 қыркүйек аралығында өтуде. Аталған іс-шарада балама энергия көздері саласындағы жаңа технологияларды ұсынған 115 ел және 22 халықаралық ұйым қатысып жатыр.

 

 

 

Жаңалықтар
0