АСТАНА, 10 маусым — Sputnik. "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі бүгіннен бастап келушілерге ашылды.
Көрме павильондары үш ай бойы күн сайын сағат 9-дан 23-ке дейін жұмыс істейді. Жүзден астам мемлекет пен жиырма халықаралық ұйым ЭКСПО көрмесінде "жасыл" энергетика саласындағы жетістіктерін ұсынады.
Көрменің бірінші жұмыс күні Сербия, Чехия, Түркіменстан президенттері және Испания королі Филипп VII ұлттық павильондарын ашады.
Сондай-ақ, сенбі 10 маусым күні Ресей, АҚШ, Таиланд, Финляндия, Латвия, ҚХР, Польша, Швейцария, Малайзия, БАӘ, Беларусь, Иран, Венесуэла, Вьетнам, Сауд Арабиясы, Венгрия, Катар, Словакия, Сингапур, Үндістан және Франция павильондары ашылады.
Бұдан бөлек, бүгін БҰҰ мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы павильондарын таныстырады.
ЭКСПО аумағына билетпен ғана кіре аласыз. Оның бағасы 4 мың мен 8 мың арасында, көрмеге келетін күніңізге байланысты белгіленеді. Павильондарды аралау билет бағасына кіреді.