Қоғам

Елбасы "ЭКСПО-2017" көрмесін салтанатты түрде ашты

Жазылу
Астанада "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі салтанатты түрде ашылды

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар мен қонақтарды "ЭКСПО-2017" көрмесінің ашылуымен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қымбатты қазақстандықтар, құрметті қонақтар, ханымдар мен мырзалар! Қонақжай Қазақстанның елордасы әсем Астанаға қош келдіңіздер! Бүгін біздің елімізде ғана емес, дүниежүзілік көрмелер тарихында айтулы күн. Қазір көптеген күткен халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің шымылдығы ашылды. Осы салтанатты мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!", — деді Президент көрменің салтанатты ашылу рәсімінде.

Елбасы Қазақстанның ЭКСПО көрмесін ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында тұңғыш рет өткізгелі отырғанын атап өтті. Сөйтіп, қазақ елінің ордасы айтулы  көрмені өткізген әлемдегі 35 қаланың қатарына қосылды. 

Нұр Әлем павильоны - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО-ның ашылу салтанатына келген 20 мемлекет және үкімет басшысын Елбасы қарсы алды

"Астана үш ай бойы бүкіл адамзаттың жетістіктерін әйгілі ететін басты алаңға айналады. Тәуелсіз Қазақстанның символы Астана нағыз жиырма бірінші ғасырдың қаласы ретінде жаңа қырынан танылатын болады", — деді Президент. 

"Көрмеге әлемнің 115 мемлекеті,  22 халықаралық ұйым қатысады. Мен олардың барлығына халқымыздың атынан асқан ризашылығымды білдіріп, сәттілік тілеймін", — деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне  әлем елдерінің 20мемлекет және үкімет басшысы келді. 

Шараның тікелей көрсетілімін телеарналардан, expo2017astana.com сайтынан, сондай-ақ көрменің YouTube-тағы ресми каналынан тамашалауға болады. 

Айта кетерлік жайт, көрменің ашылу салтанатын бүгін ғана емес, басқа күндері де тамашалауға мүмкіндік бар. 600-ден астам адам қатысатын керемет шоу 10-14 маусым аралығында бес рет жұртшылыққа паш етіледі. 

ЭКСПО аумағындағы медиа-орталық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО-2017 ашылу рәсімінен 1 мыңнан астам БАҚ өкілі ақпарат таратады

Көптен күткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 10 маусымда қалың бұқараға есігін айқара ашады. Көрме үш ай бойы 10 қыркүйекке дейін жұмыс істейді. Көрменің тақырыбы – "Болашақ энергиясы". Ол баламалы энергия көздері, "жасыл" технологиялар және экологияны сақтап қалу мәселелеріне арналған. Көрмеде әлемнің үздік технологиялары мен тәжірибесі, баламалы энергия көздерін пайдалану саласындағы жетістіктер паш етіледі. 

115 мемлекет, оның ішінде АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея секілді елдер бар, сондай-ақ 22 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмеге қатысатынын ресми түрде растады. 


Жаңалықтар
0