АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Степногорскіде жоғалып кеткен баланы қарт әйел аулада жүрген жерінен алып кетіп, үйіне апарған, деп хабарлады ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Бесінші қыркүйекте сегіз жасар Александр Вагнердің аулада ойнап жүріп, жоғалып кеткені туралы хабар тарады. Бағыттама әлеуметтік желілер және БАҚ арқылы таратылып, алтыншы қыркүйек күні кешкісін бүлдіршін аман-есен табылды.
Полицияның айтуынша, 6 қыркүйек сағат 16.00 кезінде ювенальды полиция қызметкерлері көрші аудандарды аралап, жолғалып кеткен жеткіншекті бір әйелдің ертіп бара жатқанын көреді. Баланы тәулік бойы көз ілмеген ата-анасымен табыстырды.
Кейнірек анықталғандай, 5 қыркүйек күні бала ауласында ойнап, арасында үйіне келіп жүреді. Сол кезде аулаға 1958 жылы туған әйел келіп, баланы үгіттеп, өз үйіне алып кеткен. Бейтаныс әйел жеткіншекті тамақтандырып, үйіне қондырады. Келесі күні сағат 16.00 кезінде олар қыдыруға шығып, ювенальды полицейлерге кез болыпты.
Құқық қорғау органдары әйелге қатысты тексеру жүргізуде. Полицейлердің сұрағына, ол баланы іздеп жатқанын білмедім деп жауап берді. Аталған деректінің қылмыс па, жоқ екені әлі анықталған жоқ.