АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Степногорскта жоғалған сегіз жасар бала аман-есен табылды, деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
5 қыркүйек күні Степногорск қаласының ІІБ 2009 жылы туған баланың әкесі, баласының аулада ойнап жүріп, сағат үштердіңшамасында белгісіз бағытта кетіп қалғаны жайында хабар береді. Баланы іздеу шараларына полицияның жеке құрамы қатысты.
ІІД тарапынан: "Жоғалған бала табылды, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", — деген хабарлама жасалды.
Полицияның болған жайт туралы нақты ақпараттары кейінірек жарияланады.