Қоғам

ҰҚК Астанада жоғалған қызметкерді іздестіру шаралары туралы айтты

© Photo : Пресс-служба ДВД АлматыІздеу шаралары
Іздеу шаралары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерін іздестіру шаралары полиция тарапымен бірге атқарылып жатыр

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі апта бұрын жоғалған қызметкерінің іздестіру шаралары туралы пікір айтты. 

Комитеттің ақпараты бойынша, аталған іс Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелген. Астана қаласы ішкі істер департаментінің Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аясында із-түзсіз жоғалған Шакеев Самат Нұриахметұлын іздеуге бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. 

"ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жарияланбайды. Егер тергеу амалдарына қарсы келмейтін және басқа да тұлғалардың заңды құқықтарына қайшы келмейтін болса, олар прокурордың рұқсатымен, белгіленген көлемде ғана жарияланады", — деп хабарлады ҰҚК.

32-жасар ҰҚК қызметкері Самат Шакеев Астанада 21 тамызда жоғалған. Оның әйелі Салтанаттың айтуынша, сол күні Шакеев таңғы сағат жетіде жұмыстан босаған, алайда сағат тоғыздар шамасын ол әлі үйіне келмеген. Сол уақыттан бастап оның күйеуінің қай жерде екені туралы ешқандай ақпарат болмаған. 

© Photo : Объявление о розыске пропавшего Пропавший Самата ШакееваЖоғалған Самат Шакеев
Жоғалған Самат Шакеев - Sputnik Қазақстан
Жоғалған Самат Шакеев
Жаңалықтар
0