Оқиға

Шымкентте жоғалған қыз бен оның нағашы әпкесі табылды

© Photo : Pixabay /Free-PhotosҰйқыдағы бала
Ұйқыдағы бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жәния есімді жоғалған қызды және оның әпкесін Шымкенттегі Самал шағын ауданындағы аурухананың жанынан табылды

АСТАНА, 7 қыркүйекн — Sputnik.  Өзінің психикалық ауруы бар нағашы әпкесімен бірге жоғалған екі жасар қыз баланы Шымкенттік волонтерлер тауып алды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі.

2017 жылы 6 қыркүйекте сағат 17.45 Абай АІІБ Шымкент қаласының 23-жасар тұрғыны психикалық ауруы бар әпкесі оның қызымен бірге сағат 15.00 шамасында белгісіз бағытта келіп қалағаны жайында арызданады. 

1,5 жасар қыз бала мен оның нағашы әпкесін іздеу үшін Абай АІІБ қызметкерлері барлық қажетті жедел іздестіру шараларын атқарды. 

Әйел мен бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте қыз жиенімен бірге жоғалды

"Іздеу шараларына Шымкенттің тұрғындары да ат салысты. Нәтижесінде олар қыз бала мен оның нағашы әпкесін Самал шағын ауданындағы ауруханалардың маңынан тауып алып, полицияға хабар берді", — деп хабарлады ІІД.

Полиция қызметкерлері кішкентай қызды өз анасына табыстаған.

 


Жаңалықтар
0