АСТАНА, 7 сен – Sputnik. Шымкент полициясы із-түзсіз жоғалған 26 жасар қызға және бір жарым жасар қыз балаға іздеу салады, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі.
Полиция мәліметтері бойынша, алтыншы қыркүйек күні 1994 жылы туған қала тұрғыны өзінің психикалық ауруы бар 26-жасар әпкесі Қозыбаева Маржан Тағайбекқызы үйінен белгісіз бағытта кетіп қалып, оның 2015 жылы туған кішкентай қызы Сапарбай Жәния Нұрланқызын өзімен бірге алып кеткен. Қыз баланың үстінде көк жейде болған.
Әпкесінің белгілері: бойы 150-155 сантиметр, толық денелі, шашы қысқа, қүңгірт-қоңыр түсті, көзі мен қасы қара. Үстінде киген киімі қара түсті жейде, көк джинс шалбар және қара туфли болған.
Қазіргі уақытта Абай АІІБ қызметкерлері тарапынан із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Полиция егер кімде-кім қандай да бір ақпарат білетін болса, бірден Шымкент қаласы Абай АІІБ кезекші бөлімінің 56-02-62 немесе "102" хабарласуды сұрайды.