Қоғам

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов қыркүйекте түрмеден шығады

© Sputnik / Асем МиржекееваСерік Ахметов
Серік Ахметов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төрт жыл 26 ай мерзіміндегі өтелмеген жаза бөлігін сот сол уақыт аралығында өз мекенжайы бойынша бас бостандығын шектеу жазасына алмастырды

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов 21 қыркүйекте түрмеден шығады.

Серік Ахметов - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Серік Ахметовтің жаза мерзімі рақымшылық бойынша қысқартылды

"Қарағанды облысы Абай аудандық соты Серік Ахметовтың өтелмеген жаза мерзімін бас бостандығын шектеу жазасына алмастыру туралы өтінішін қанағаттандырды", — делінген Қарағанды облыстық сотының хабарламасында.

Шешім қабылдарда сот прокурор мен қылмыстық-атқарушы орган әкімшілігінің ұстанымын ескерген.

"Түрмеде болған кезде Ахметов үлгілі мінез-құлқымен көзге түсті. Ішкі тәртіпті толығымен сақтап, колонияның қоғамдық өміріне белсене араласты, бірнеше рет ынталандыру алды. Бұдан бөлек, Ахметов мемлекетке келтірілген материалдық шығынды өтеді", — деп ақпарат береді сот.

Сот қаулысы биыл 21 қыркүйекте заңды күшіне енбек.


Жаңалықтар
0