АСТАНА, 19 қаң – Sputnik. Сот сыбайлас жемқорлық үшін сотты болған бұрынғы Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің жазасын өтеу мерзімін қысқартты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Қарағанды облысының Абай аудандық сотында.
2015 жылы желтоқсан айында Ахметов ірі көлемдегі ұрлаулар мен қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.
Сотта хабарлағандай, "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық туралы" заңның қабылдануына орай, Қарағанды облысы Қарабас ауылындағы АК 159/18 мекемесінде соттың көшпелі отырысы өтті. Онда Серік Ахметовтің өтелмеген жаза мерзімінің қысқарту туралы өтінішхат қаралды.
"Абай аудандық соты судья Гүлнара Миханованың төрағалығымен сотталушының өтініші қанағаттандырылып, жазасының өтелмеген мерзімінің төрттен бір бөлігі, яғни 1 жыл 7 ай 11 күнге қысқарды", — деп хабарлады сотта.
Сот қаулысы заңдық күшіне енген жоқ және жарияланған күннен бастан 15 тәулік ішінде апелляциялық инстанцияға шағым түсіруге болады.
Бұдан бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламентке "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық туралы" заң жобасын енгізген.
Рақымшылық әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтар тобына, жасөспірімдерге, аяғы ауыр әйелдерге, жасөспірім немесе мүгедек балалары бар әйелдерге, жасөспірім балалардың жалғыз басты әкелеріне, І, ІІ және ІІІ топтық мүгедектерге, 50 жастағы және одан асқан әйел адамдарға, 60 жастағы және одан асқан ер адамдарға, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне немесе соларға теңестірілген тұлғаларға, әскери немесе халықаралық борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің жұбайларына, соғыс мүгедегі немесе соған теңестірілген тұлғалардың жұбайларына қатысты жүргізіледі.