АСТАНА, 12 қаң – Sputnik. Апелляциялық сот қылмысты жасырды және хабарламады деген айып бойынша кінәлі деп танылған Ақтөбе лаңкестерінің 19 сыбайласына жаза мерзімін қысқартты, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жасалған рақымшылық туралы заңға сәйкес, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандарға өтелмеген жазаларының төрттен бір бөлігін қысқарту қарастырылған.
"Заң талаптарына сәйкес, алқа қаулысымен сот үкімі тек "Қылмысты жасырып қалу", "Қылмыс туралы хабарламау" баптары бойынша сотталған 19 сотталушының жаза мерзімінің өтелмеген бөлігінің төрттен бірі қысқартылды", — делінген хабарламада.