Өңірлер

Қарағандының он мектебі құрылысшыларға қарсы арыз жасады

© Sputnik / Табылды КадырбековҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыстың экономикалық сотына құрылыс компанияларына қатысты қарағандылық он мектептің директорларынан арыз келіп түсті

АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Қарағандының он оқу орнында қосымша медициналық кабинет ашу мүмкін болмады. Бұл ретте тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізе алмаған құрылысшылар кінәлі болып отыр. Ендігі ретте білім беру мекемелерінің басшылығы компанияны өз жұмысын тиісті атқармаған мердігер деп тануды талап етіп отыр. 

 Sputnik Казахстан тілшілеріне берген сұхбат барысында Қарағанды облысының ауданаралық экономикалық сотының баспасөз хатшысы Индира Құспаева, 2017 жылы шілдеде Қарағанды қаласы білім басқармасы тарапынан медициналық кабинеттер, футбол алаңдары, концерт залдарына жөндеу жұмыстарын жасауға қажетті мемлекеттік сатып алу тендерлері жүзеге асырылды. Мемлекеттік сатып алу тендерін жеңіп алған компаниялар басқармамен келісімге отырған. Алайда, бүгінгі таңда арыз берушілер келісім шарт негізіндегі міндеттемелер орындалмағаны жөнінде хабарлайды. Осыған байланысты мектептер сотқа шағымданып, аталған компанияларды мемлекеттік сатып алу талаптарын орындамаған деп мойындауды талап етуде. Жауапкерлер "Alash Progressive Technology" ЖШС және Қарағанды облысы территориясында орналасқан тағы екі компания болып отыр. 

Мектеп - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағынтаев: Үлкендер тендер ойнап жатқан кезде, балалар қиналып жүр

Жаңадан қабылданған санитарлық талаптарға сәйкес білім беру мекемелерінде қосымша егу кабинеттері ашылуы тиіс еді. Оған әр мектепке орташа алғанда 500 мың теңгеден бөлінді. 

"Біз құрылыс компанияларын, өз жұмыстарын дұрыс атқара алмайды деп тануды сұраймыз. Олар 470 мың теңге тендер ұтып алды. Кейінен белгілі болғандай, олардың арнайы кабинеттерге жөндеу жасауға арналған мүмкіндіктері жоқ екені анықталды. Олар жұмысшылар мен техникалардың жоқтығын алға тартты. Бірақ, барлық жұмысты аяғына дейін жеткізетінін айтқан болатын", — дейді №78 орта мектептің директоры Александр Мяленко. 

Экономикалық сотта, егер құрылыс компаниялары "қара тізімге" енетін болса, олар ендігі кезде мемлекеттік сатып алу тендерлеріне қатыса алмайды және қомақты көлемде айып төлейтінін айтып өткен. 


Жаңалықтар
0