Қоғам

Сағынтаев: Үлкендер тендер ойнап жатқан кезде, балалар қиналып жүр

© Sputnik / Анатолий УстиненкоМектеп
Мектеп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет отырысында "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында білім беру нысандарының құрылысы қаралды

АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев тендерлерді уақытында өткізбейтін шенеуніктерді сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Шахандағы апат - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағынтаев Шахандағы қайғылы оқиғаның қайталанбауын талап етті

"Осы жағдай үнемі қайталанады. Қанша айтсақ та, қаражат игерілмейді, тендерлер кеш өткізіледі. Яғни, үлкен ағалар тендер ойнап жатқан кезде, балалар қиналып жүр. Әрі қарай бұлай жалғасуы мүмкін емес! Балалар жаңа мектептерде оқығысы келді", — деп қынжылды Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында. 

Осы орайда Үкімет басшысы орынбасарлары Асқар Мәмин мен Ерболат Досаевқа тапсырма берді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлттық қордан қаражат бөлініп жатыр. "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша қаражат өңірлерге бөлінеді. Ал біз оқу жылы келіп қалса да, әлі күнге дейін тендер ойнап жүрміз. Бұл жағдайдың тамырына балта шабу керек. Мүдделі органдармен бұл мәселені талқылау керек. Қазір біз Астанада пилоттық негізде жан басына шаққан бөлінетін бағдарламаны бастадық. Осыны қолдану керек. Қаражат бар, бірақ өкінішке қарай ол уақытында игерілмейді", — деді үкімет басшысы.

Жаңалықтар
0