Оқиға

Астанада Lexus үш оқушы қызды қағып кетті

© Sputnik / Болат ШайхиновЖол қозғалысын реттеуші
Жол қозғалысын реттеуші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Он және он алты жастағы қыздар әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, ал үшінші оқушыны дәрігерлер қарап, үйіне қайтарды

АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. Астанада Lexus көлігі көше қиылысында бағдаршамның қызыл жарығына өтіп кетіп, үш оқушы қызды қақты, деп хабарлайды елордалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шымкентте мас жүргізуші он жасар қызды қағып өлтірді

Оқиға күндіз сағат 13:30-да болған. Балалар бағдаршамның жасыл жарығына жолды кесіп өтіп бара жатыпты.

"21 жастағы жүргізуші Момышұлы даңғылымен келе жатып, Аманат көшесімен қиылыста, бағдаршамның қызыл жарығына өтіп, жолдан өтіп бара жатқан оқушыларды", — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі  басшысы Софья Қылышбекова.

Жол апаты салдарынан дене жарақатын алған он және он алты жасар екі қыз ауруханаға жатқызылды. Тағы бір он жасар қызға медициналық жәрдем көрсетіліп үйіне қайтарылған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, жүргізушгі қамауға алынды.

Жаңалықтар
0