АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Шымкентте он жасар қыз мас жүргізушінің кінәсінен қаза тапты, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Кеше кешкісін полицияға Еңбекшіқазақ ауданында жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткені туралы хабар келіп түскен.
"Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері анықтағандай, Шымкенттің 1966 жылы туған тұрғыны мас күйінде "ВАЗ-21102" айдап, рөлге ие бола алмай, 2007 жылы туған қызды қағып кеткен. Салдарынан он жасар қыз алған жарақатынан ауруханада көз жұмды", — делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша, қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.