Қоғам

Елбасы жер дауынан соң қызметінен кеткен Досаевты үкіметке не үшін қайтарғанын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновЕрболат Досаев
Ерболат Досаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жақында Президенттің жарлығымен премьер-министрдің екі жаңа орынбасары тағайындалған болатын

АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алтыншы сайланған парламенттің үшінші сессиясының ашылуында жақында болған тағайындаулардың мәнін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қазақстан үкіметінің ғимараты - Sputnik Қазақстан
Саясат
Сағынтаевтың жаңа орынбасарлары тағайындалды

"Жаңғыру сағатында есеп жылдарға емес, минуттарға жүріп жатыр. Қазақстан барлық бағыттарда үлгеруі тиіс. Осыған байланысты үкіметті нығайту қажет болды. Премьер-министрдің екі жаңа орынбасарын тағайындадым. Біздің алға қойып отырған мақсатымыз – "Сандық Қазақстанның" маңызы зор. Барлық елдер осы мәселемен айналысып жатыр. Бұл — болашақ, бұл — еңбек өнімділігі, бұл — жаңа технологиялар, осы жұмыстармен нақты бір адам айналысып, күнде бізге есеп беруі тиіс. Бұл қызметке Асқар Жұмағалиевті тағайындадым, ол IT-технологиялар саласының маманы, өзін бұған дейінгі лауазымдарда жақсы менеджер ретінде көрсете білді. Оған осы сала тапсырылады", — деді Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында. 

Парламент үйі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутаттар каникулдан оралды

Өткен жылы шыққан жер дауынан соң өз еркімен қызметінен кеткен бұрынғы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Мемлекет басшысынан мақтау сөз естіді. 

"Экономиканың макроэкономикалық бағыттын күшейту Ерболат Досаевқа тапсырылады. Бір кездері ол нағыз ер азамат ретінде өз еркімен қызметінен кетті, бірақ бұл оның кінәсі емес. Оның білімі мен тәжірибесі экономика, қаржы, макроэкономика, сонымен қатар бюджеттің жартысы жұмсалатын әлеуметтік блоктағы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді және бұл өз-өзін ақтайтын шешім деп ойлаймын", — деген Президент алға қойылған маңызды мақсаттар орындалатынына сенім білдірді.

Жаңалықтар
0