Қоғам

Біртанов Астанада жаппай төбелес кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

© Photo : пресс-служба НИИ травматологии и ортопедииАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңында жаппай төбелес салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылған

АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Астанада  "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңындағы жаппай төбелес салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді.

Абу-Даби Плаза маңындағы Ұлттық гвардия автокөлігі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ІІМ: Астанадағы жаппай төбелестің барлық қатысушылары белгілі болды

"Науқастардың жағдайы қанағаттандырарлық. Бірнеше адам зардап шеккен болатын – Қазақстан мен Үндістан азаматтары. Жалпы айтқанда, ауыр жарақат алғандар жоқ. Екеуі ауруханаға жатқызылды – біреуі қазақстандық, екіншісі Үндістан азаматы. Денесі сырылып, көгерген, бассүйек-ми жарақатын алған", — деді Біртанов ҚР Парламенті палаталарының біріккен отырысы алдында тілшілерге.

2 қыркүйек күні кешкісін "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңының бақылау-өткізу бекетінде күзет компаниясы қызметкерлері мен Үндістаннан келген жұмысшылар арасында жанжал туындады. Жаппай төбелес салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған.

Жаппай төбелестен кейін оқиға орнында қоғамдық тәртіп бұзған 40-тан астам адам полицияға жеткізілді. Олардың сегізі әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қалғандары профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен соң босатылды.

Жаңалықтар
0