Саясат

Тоқаев: БҰҰ Мьянмадағы ахуалға қатысты тура көзқарасын білдіруі қажет

© REUTERS / Mohammad Ponir HossainБосқындар
Босқындар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мьянмадағы қарулы қақтығыс салдарынан төрт жүз адам қаза тапты, олардың басым көпшілігі мұсылман рохинджалар

АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянмадағы ахуалға қатысты пікірін білдірді.

Шекара маңындағы лагердегі Мьянмадан шыққан босқындар - Sputnik Қазақстан
Әлем
Әлемдік саясаткерлерді Мьянмадағы құрбандар туралы хабарлар мазасыздандырды

"БҰҰ Мьянмада болып жатқан оқиғаларға өз тура көзқарасын білдіру қажет. Соншама көп жазықсыз мусылмандар қатыгез қуғын сүргіннен өліп жатыр", — деп жазды Тоқаев Twitter аккаунтында.

БАҚ мәліметіне сүйенсек, рохинджа халқының өкілдері 25 тамызда бір дегенде бірнеше полиция постарына, Ракхайн штатындағы әскери казармаларға шабуыл жасаған. Қауіпсіздік күштері мен рохинджа содырларының арасындағы қарулы қақтығыс әлі жалғасып жатыр. Төрт жүз адамның қаза тапқаны туралы хабарланған, олардың көпшілігі мұсылман рохинджалар.

Жаңалықтар
0