АСТАНА, 3 қыркүйек — Sputnik. Бірқатар шетелдік саясаткерлер, сондай-ақ БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутеррешке Мьянманың солтүстік-батысында көптеген адамдардың өліміне әкеліп соққан қақтығыстар туралы хабарлар жайында мазасыздық тудырды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
БАҚ мәліметтері бойынша, 25 тамызда рохинджа халқының өкілдері бір мезгілде Мьянмадағы Ракхайн штатындағы бірнеше полиция бекеттері мен әскери казармаларға шабуыл жасаған. Қауіпсіздік күштері мен рохинджа содырлары арасындағы әскери қақтығыстар әлі күнге дейін жалғасып келеді. 400 адамның өлімі жайында хабар бар. Олардың көпшілігі рохинджа-мұсылмандары болып отыр.
Түркия Президенті Тайып Эрдоған бұл қақтығыстарды «мұсылмандар геноциді» деп атады.
Ұлыбритания СІМ басшысы Борис Джонсон Мьянманың мемлекеттік хатшысы мен сыртқы істер министрі Аун Сан Су Чжиге Ракхайн штатындағы оқиғаға қатысты өз ықпалын тигізуді сұрады.
Мьянмада рохинджа (рохиья) өкілдерін Бангладештен шыққан заңсыз мигранттар деп есептеліп, олардың көбіне мьянмалық азаматтық берілмейді.
Операция салдарынан әскери әрекеттер орын алған бейбіт тұрғындардың қашуы орын алды. Мьянма үкіметі жергілікті буддисттерді қауіпті аймақтардан көшіріп жатқан кезде, рохинджа-мұсылмандары көрші мемлекет Бангладешке саяси баспана іздеп баруда.
Халықаралық БАҚ мәліметтеріне сәйкес соңғы бес күннің ішінде олардың саны 27 мың адамға жеткен.