Оқиға

Қорықпайтын адамдар елі

© Sputnik / Айгюзель КадирПолиция Астананың сол жағалауында көшелерді жауып тастады
Полиция Астананың сол жағалауында көшелерді жауып тастады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанадағы "Абу-Даби Плаза" маңында орын алған оқиға барысынан хабар берген Sputnik Казахстан корреспонденті бірқатар жайтқа таң қалғанын айтты

2 қыркүйектің сенбілік кеші эмоцияларға, жағдайды ушықтыратын әртүрлі әңгімелерге толы болды. Кешкі тоғыздар шамасын көпқабатты үйлердің терезесінен бірнеше дабыл сигналдары естілді. Осы кезде көшеде бір жайсыздықтың орын алғаны түсінікті болды. 

Алматы көшесі Мәңгілік Ел даңғылынан бастап жол полициясы тарапынан жабыла бастады. Көше бойына қызық қуған адамдар жинала бастап, болған жайттарды өз телефондарына түсіруге асықты. 

Астанадағы Алматы және Түркістан көшелері жабылды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанадағы құрылыста орын алған жаппай төбелестің себептері анықталды

Мен, Мәңгілік Ел даңғылынан Алматы көшесіне барар жолды кесіп өткенге дейінгі аралықта "Біздікілерді ұрып жатыр!" деген сөзбен топтасқан адамдар Түркістан көшесі бағытына қарай жүгіріп өтті. 

Ең қызығы, не болып жатқанын ешкім білмесе де, барлығы бірдей бағытта жүгіріп жатты. Алматы көшесі бойында Түркістан көшесінің қиылысына дейінгі аралықта түрлі ойын-сауық орындары мен дүкендер орналасқаны белгілі. Адамдар тобы дәл сол орындардан шығып жатты, олардың көпшілігі масаң тартқан күйде болатын. 

Абу-Даби Плаза маңындағы патрульдік автокөлік - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Төтенше оқиғадан кейінгі "Абу-Даби Плаза" жағдайы

Түркістан-Алматы көшелерінің қиылысына жақын тұста адамдар болып жатқан жайтқа байланысты өздерінің пікірлерін, өз нұсқаларын айтып жатты. Әлдебіреулер ЭКСПО қатысты мәселе тудырып, екі адамның өлімі орын алғанын да айтып жатты. 

Жарты сағаттай уақыт аралығында елордалық жастар көше бойына арнайы жасақтардың отрядтары келіп жатқанын бақылап тұрды. Бір жағынан қарағанда атыс-шабыс фильмінде жайт көзге елестеді: машиналар дауысы, арнайы техника, жедел қызмет әскерлерінің сұсты түрлері. 

Қызық қуған топтың қатарына балалары бар, аяғы ауыр әйел адамдар да қосылды.

"Сіз қайда барасыз? Үйіңізге қайтыңыз!" — деген полиция қызметкеріне, ол әйел бұрын соңды мұндайды көрмегендігін жасырмай, соның мүмкіндігі туғанын айтты. 

Біздің азаматтардың бойында өзін-өзі қорғау инстинкті байқалмайтын сынай білінді. Кез келген адам мұндай жағдайда өз үйіне асыға жетіп, оқиғаның соңын сырттан бақылауға асығатыны сөзсіз. Бірақ бұл біздің халыққа қатысты емес тәрізді ой туды. 

"Кел, тез кел, мында қызық болып жатыр", — деген телефон қоңыраулары да жасалып жатты. 

"Біздікілерді ұрып жатыр" деген хабар барлық жерге тарап, жиналған адамдар ендігі кезде өзара сөзге келіп жатты.

Оқиға барысын нақты бағалаған құқық қорғау органдарының қызметкерлері жиналғандарға қарсы бағытта өздерінің темір қоршауларын жылжыта бастады. Еш қызық көрмей, налыған халық үйлеріне тарқасып жатты. 

Бұл ретте құқық қорғау органдары қызметкерлерінің байсалдығы бірінші орында болды. 

Олар жиналғандардан не үшін келгені жайында байыппен сұрастырып жатты. 

Шамамен екі сағаттан соң жиналған топ толық тарқады. Әскерилер өздерінің қоршауларын таратты. 

Үйге келген бетте мен әлеуметтік желілерді ашып, бар "қызық" осы жерде екеніне көзім жетті. Көтеріліс, атыс, кісі өлімі тіпті, соғыс қауіпі… кімнің ойына не келді, соның барлығы осы жерлерде жинақталған екен.

Әрине, ақпараттың жеткіліксіздігі түрлі сөздердің туындауына итермелейді. Бірақ ол кімге қажет?

P.S. Оқиға барысын көріп, түрлі ақпараттарды оқығаннан кейін, бір жас жігіттің Алматы көшесі бойымен қызды шығарып салып тұрып, "Бүгін қызықты кеш болды!", — деген сөзі есімде қалды. Ал мен өз тарапымнан, "Иә, қызық. Алайда, салдары қандай болмақ?"-, деп қосар едім.


Жаңалықтар
0