Өңірлер

Алматы-Қапшағай тас жолында микроавтобус әйел адамды қағып өлтірді

© SputnikЖаяу жүргіншінің өлімі
Жаяу жүргіншінің өлімі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автокөлік соққысы салдарынан жаяу жүргіншіні метал қоршаудан қарсы бетке шығарып тастады.

АСТАНА, 3 қыркүйек — Sputnik. Алматы-Қапшағай тас жолында әйел адам Toyota Town Ace микроавтобустың астына түсіп, алған жарақаттар салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Казахстан.

Өлімге әкеліп соққан жағдай Алматы-Қапшағай тас жолының 20-шақырымында Ынтымақ ауылының бұрылысына қарама-қарсы жерде болды. 

Жаппай жол-көлік апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қозғалыс кезінде босап кеткен дөңгелек Алматыда жаппай жол апатын тудырды

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 48-жасар әйел адам тас жолдың бойын тиісті емес жерден кесіп өтпек болған. Оң жақ бетте жүріп келе жатқан,  Renault автокөлігі жаяу жүргіншіні байқап қалып, тоқтайды. Ал  жолдың сол жақ бетіндегі Toyota Town Ace микроавтобусының жүргізушісі дер кезінде тоқтап үлгермей, жүргіншіні бар жылдамдықта соғып кетеді.

© SputnikЖаяу жүргіншінің өлімі
Жаяу жүргіншінің өлімі - Sputnik Қазақстан
Жаяу жүргіншінің өлімі

Соққының салдарынан зардап шеккен әйелді метал қоршаудан қарсы беттегі жол қозғалысына лақтырып жібереді. Оқиға орнынан микроавтобустың тоқтау бағытының қашықтығы 70 метрді құрады.  

Жол апаты фактісі бойынша тексеру жүргізіліп, барлық жағдайлар ескеріліп жатыр. 

 

 

 

 

Жаңалықтар
0