АСТАНА, 3 қыркүйек — Sputnik. Sputnik Казахстан Алматыда бір аумақта үлкен кептеліс тудырған үш апат орын алып, барлығы 11 автокөлік қақтығысты, деп хабарлайды.
Үш дүркін апат 3 қыркүйек күні Саин көшесінің бойында Шаляпин көпірінің астында болды.
Қозғалыс кезінде Volkswagen микроавтобусының дөңгелегі босап кетіп, жүргізуші жағдайды орнықтыру мақсатында тоқтаған.
Бұл уақытта осы бағытта Chevrolet және Daewoo Matiz автокөліктері қозғалып келе жатып, сынған микроавтобусқа жақындаған сәтте, олардың арасынан Mitsubishi Galant көлігі өтіп кетуге тырысады.
Осындай үш дүркін апаттың салдарынан Саин көшесінің бойында үлкен кептеліс орын алды. Бұл көше үлкен жылдамдықпен өтуге арналған, соның салдарынан көліктердің біразы тоқтап үлгермей жатты. Бірнеше минуттан кейін келесі жол апаты болды.
Mercedes көлігін жүргізген бикеш, тоқтап үлгермей, алдымен Toyota Carina, одан соң Lexus ES300 көліктерімен соқтығысты.
Шамалы уақыттан кейін, тағы бір апат орын алды. LADA Granta жүргізушісі жоғарыда айтылған Mercedes көлігінің жүргізушісі бикеш тәрізді апат салдарынан 4 автокөлікті — Е-санатты Mercedes-Benz, Toyota Camry және Nissan Primera соқты.
Жаппай жол апатының нәтижесінде 11 автокөлік зақымдалды.