АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Оралдағы жолаушылар автобустарының соқтығысуы салдарынан 40 астам адам зардап шекті, деп хабарлайды "Мой город" аймақтық сайты.
Порталдың ақпараты бойынша, 24 тамыз күні таңертең Оралда екі жолаушылар көлігі соқтығысты. Оқиға орнынан жедел жәрдем бірнеше ондаған адамды алып кетті. Сайтқа "Орал таза сервис" компаниясы жұмыскерінің айтуынша, жол-көлік оқиғасынан кейін адамдар үрейленіп, автобустың терезелерінен секіре бастаған.
Полицияда №7 автобустың жүргізушісі көше бойымен келе жатқан кезде, қашықтық интервалын бұзып, Renault DUSTER көлігімен соқтығысқан. Кейін қашықтықты сақтамау салдарынан автобус алдыңғы жолда келе жатқан автобуспен соқтығысады. Нәтижесінде екінші автобус өз алдында келе жатқан көлікке соғылады. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлнар Әбдірахманованың хабарлауынша, жедел жәрдем шақырту уақыты 8.47. оның айтуынша, апаттың салдарынан 45 адам зардап шекті.
Ол: "Он бес адам облыстық клиникалық ауруханада және отыз адам – қалалық көпсалалы ауруханада тексеруден өтіп жатыр. Әзірге кеуде қуысы ауырған аяғы ауыр әйел ауруханаға жатқызылды. Қалғандары тексеруден өтіп жатыр", — деді.
Оған қоса, облыстық балалар ауруханасында төрт бала бар. 17 жасар жасөспірімнің бас сүйек миы, 16 жасар жасөспірімнің бүйрегі зақымдалған. Он және бір жасар екі бала тексеруден өтіп жатыр.