Оқиға

Астанада бір топ адам төбелестен кейін жағдайды тұрақсыздандыруға тырысты

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚазақстандық полиция
Қазақстандық полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күзетшілер мен жұмысшылар арасында орын алған төбелестен кейін қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін сегіз адам әкімшілік жазаға тартылды

АСТАНА, 3 қыркүйек  — Sputnik. Астанада "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылыс алаңында орын алған жаппай төбелестен кейін бір топ адамдар жағдайды тұрақсыздандыруға тырысты, деп хабарлайды астаналық ішкі істер департаменті. 

2 қыркүйек күні кешке "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңының бақылау-өткізу пунктінде күзет компаниясының қызметкерлері мен шетелдік жұмысшылар, Үндістан азаматтары арасында қақтығыс туындады. Полиция бірден құрылыс маңындағы көшелері жауып тастады. Жаппай төбелес салдарынан екі азамат жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.  

Полицейлер сол жағалаудағы көшелерді қоршады - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада сол жағалауда құрылысшылар арасында төбелес шықты

Хабарламада: "Алайда бірқатар азаматтар, қоғамдық тәртіпті бұзып, жағдайды ұшықтыруға тырысты. "Есіл" ауданы прокуроры қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты әкімшілік жауапкершілік туралы ресми мәлімдеме жасады. Мұндай ескертуге қарамастан азаматтар, құқық қорғау органдарының заң жүзіндегі талаптарына қарамай, қоғамдық тәртіп бұзуды жалғастыра берді", — делінеді. 

Құқық бұзушылар тобы жеке анықтамалар жасау мақсатында полицияға жеткізілді. 8 адамға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданып, материалдары әкімшілік сотқа жөнелтілді. Қалғандары профилактикалық әңгімелесуден кейін босатылды. 

Астанадағы Алматы және Түркістан көшелері жабылды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанадағы құрылыста орын алған жаппай төбелестің себептері анықталды

Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылу шарасы орын алатынын ескертіп, полиция азаматтарды жалған ақпараттарды таратпауға шақырды. 

 

 

 


Жаңалықтар
0