АСТАНА, 2 қыркүйек — Sputnik. Астананың сол жағалауында жабылған көшеге арнайы жасақ келіп жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан.
Қиылысқа жиналған халық полиция қоршауын бұзып өтпекші. Төбелес шығып, Мәңгілік ел жаққа қарай ұласуда. Көліктер кері қайтарылып, оқиға орнында үш жүздей адам жиналды. Полицейлер жұртты тарқатуда.
Алматы және Түркістан көшелері арасындағы Мәңгілік ел көшесі бөлігі қоршалған, полицейлер жасағы Түркістан бойымен ЭКСПО-ға қарай созылды.
Оқиға орнына өрт сөндіру көлігі мен жедел жәрдем, сонымен бірге полицейлер мінген екі автобус келді.
Полиция мен Төтенше жағдайлар комитеті болған оқиға туралы пікір білдірмейді. Алайда оқиға куәгерлерінің айтуынша, "Абу-Даби плаза" кешенінің жұмысшылары тұратын ғимаратта жанжал шығып, ереуілге ұқсас жайт орын алыпты.