Оқиға

"Қазақстан" шахтасындағы жарылыстың бастапқы себебі анықталды

© SputnikШахта "Казахстанская"
Шахта Казахстанская - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта газсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. "Қазақстан" шахтасындағы жарылыстың бастапқы себебі газдинамикалық құбылыс деп аталды, соның салдарынан метан бөлінуі болған, деп хабарлайды шахта директоры Александр Забелин баспасөз мәслихатында.

Шахтер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарағанды облысында шахтада қаза тапқандардың кім екені белгілі болды

Шахта басшылығы хабарлағандай, зардап шегушілер жарылыс кезінде алты жүз метр тереңдікте жұмыс істеген.

"Газдинамикалық құбылыс орын алған, яғни, газ бен метан бөлінген. Үш адам қаза тапты. Көмір пластарын шығару уақытша тоқтатылды, қазір газсыздандыру жұмыстары жүргізілуде", — деп мәлімдеді Забелин тілшілерге.

Жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жаңалықтар
0