Өңірлер

Балқаш түбіндегі әуе апатынан аман қалған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты

© Photo : airwar.ruҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккен ұшақ жолаушысының хәлі жақсы, хирургиялық көмекке мұқтаж емес

АСТАНА, 29 тамыз — Sputnik. 25 тамыз күні Балқаш ауданында әуе апаты салдарынан зардап шеккен Орынғали Зікірбаев оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Балқаш түбінде әуе апатынан зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінен шықты

Баспасөз мәслихатында №7 қалалық аурухананың бас дәрігері Марат Абдуллаев айтып өткендей, оқиға орнына жақын жерде аурухананың дәрігері Виктор Дарницын демалып жатып, зардап шегушіге алғашқы көмек берген.

"Демалыста жүргеніне қарамастан, науқаспен бірге тікұшақпен ұшып келді. Қазір науқастың жағдайы бір қалыпты. Жарақаты ауыр болғанына қарамастан, хирургиялық көмекті қажет етпейді, тек ем-дом қабылдап, әрі қарай реабилитациядан өтуі керек. Тезірек жазылатынына сенемін", — деді Марат Абдуллаев.

Зардап шегуші Орынғали Зікірбаев та ұшақ апатына қатысты пікір білдірді.

"Ұшып бара жатқанда, ештеңе естімедім: құлаққап киіп отырғанмын, ұшқыш мотор істен шықты деді, сөйткенше болған жоқ, жерге құладық. Жұмыс бабымен кетіп бара жатқан болатынбыз, қазір жағдайым жақсы. Ұшқыштың қаза тапқанын дәрігерден естідім. Ол: "Екеуіңіз болдыңыздар ма?", — деп сұрады, мен: "Иә", — деп жауап бердім, сол кезде екінші адамның көз жұмғанын айтты. Ұшақ ұшқыш жағымен бір қырындап құлаған, меніңше, ол әдейі істеген сияқты", — деді ол.

МAULE М-7-260С жеңіл моторлы ұшағы 25 тамызда Балқаш ауданында Жиделі ауылынан 20 шақырым жерде құлаған. Әуе апатында ұшқыш қаза тапты – 63 жастағы Анатолий Меньшиков.

Жаңалықтар
0