Өңірлер

Балқаш түбінде әуе апатынан зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінен шықты

CC0 / / Аурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлердің шешімімен науқас жансақтау бөлімінен ауыстырылды

АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Алматы облысында ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтың беті бері қарады, деп хабарлайды №7 қалалық ауруханасының хирургия бойынша бас дәрігер орынбасары қызметін атқарушы Қамбар Байжігітов Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Maule ұшағы, архив - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы облысында ұшақ апатқа ұшырады

Бүгін дәрігерлердің шешімімен Орынғали Зікірбаев жансақтау бөлімінен шығарылған.

"Науқас 25 тамыздан бастап бүгінге дейін жансақтау бөлімінде жатты. Есін жинады. Жағдайы бір қалыпты, хәлі орташа, беті бері қарап келеді. Дәрігерлер шешімімен жансақтау бөлімінен қосарлас жарақат бөліміне ауыстырылған. Қазір сонда", — деді Байжігітов.

Науқасты Балқаш ауданында әуе апаты болған жерден қалалық ауруханаға жұма күні түскен. Ол кезде хәлі ауыр болатын, көптеген жарақат алған еді.    

МAULE М-7-260С жеңіл моторлы ұшағы 25 тамызда Балқаш ауданында Жиделі ауылынан 20 шақырым жерде құлаған. Әуе апатында ұшқыш қаза тапты – 63 жастағы Анатолий Меньшиков.

Жаңалықтар
0