АСТАНА, 29 тамыз — Sputnik. Елордалық полицейлер жергілікті тұрғыннан Қызыл кітапқа енген сұңқарларды алды, ер адам құстарды сатып жіберуді көздеген, деп хабарлады Астана ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Ер адам сатпақ болған сұңқарлар Қызыл кітапқа енген. Ол екі құстың әрқайсысын 1,5 миллион теңгеге бағалапты.
Қос сұңқарды сатушы 35 жастағы ер адам 28 тамызда ұсталды, құстар оның үйінен табылып, "Охотзоопром" орталық жергілікті филиалына өткізілді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.