АСТАНА, 7 қаң — Sputnik. Алматы әуежайында көліктік полицейлер жолаушы әйелді ұстады, ол Алматыдан Шарджаға төрт балобан сұңқарын жеткізбек болған деп хабарлады ҚР ІІМ көліктегі ішкі істер департаменті.
Алтыншы қаңтарда сағат 16:00-те қылмыстық полиция қызметкерлері Алматы әуежайында "Алматы-Шарджа" рейсін ресімдеу кезінде шекаралық бақылаудан өткен соң 1974 жылы туылған Қазақстан азаматшасын ұстады.
Тексеру барысында оның сөмкесінен төрт балобан сұңқары табылды. Оларды қорапқа салып алып шыққан екен.
Бұл факт ҚР ҚК 339 бабы бойынша сот алды тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.
Күдіктінің айтуынша, сөмкені шекаралық бақылаудан өткен соң, бөтен бір әйел ұшақтағы басқа бір жолаушыға беріп жіберіпті. Ол жолаушының өзіне беруге үлгермей қалған екен. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.