Оқиға

РФ-да қазақстандық бірқазанның кептірілген бастарын заңсыз әкелгені үшін сотталды

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуБірқазандар
Бірқазандар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан азаматы кінәсін толығымен мойындап, жасаған қылмысына өкінетіндігін мәлімдеді.

АСТАНА, 21 қаз — Sputnik.  Алтай өлкесінің Третьяков аудандық соты  Қазақстан азаматын Ресейге 70 кептірілген бірқазан басын заңсыз әкелгені үшін үш жылға шартты түрде соттады деп хабарлады Батыс-Сібір транспорттық прокуратурасы.

Тондар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қытайлық контрабанда: қазақстандықтар 70 тон мен жилет әкелген

"Сот анықтағандай, 2016 жылы 15 тамызда айыпталушы Қазақстан Республикасы территориясында белгісіз тұлғадан РФ Қызыл кітабына енген бірқазан тұқымдас құстың кептірілген бастарын (70 дана) сатып алған", — делінген хабарламада.

Алдын ала тергеу барысында іске қатысты азамат кінәсін толығымен мойындап, жасаған қылмысына өкінетіндігін мәлімдеді. Сот үкімі бойынша, сотталушы 1,5 жыл сынақ мерзімімен үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.   


Жаңалықтар
0