АСТАНА, 21 қаз — Sputnik. Қазақстан-Қытай шекарасынан тері киімдер мен дәрі-дәрмектің қомақты партиясы тиісті құжаттарсыз өткізілмек болған деп хабарлайды ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі.
"Хоргос" пунктінде Қытайдан 3 құндыз және 40 ақтүлкі терісінен тігілген - 43 тон алып өтпек болған 25 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды.
Сол күні 44 жастағы қазақстандық тура сол жерден 26 тері жилет алып өтпек болған.
Сонымен қатар, 22 жастағы Қазақстан азаматын тінту барысында Қытайда шығарылған тиісті құжаттары жоқ 60 келі дәрі-дәрмек табылған.