Қоғам

Жүздеген қазақстандық "Харви" дауылының астында қалуы мүмкін

© AFP 2024 / MARK RALSTON Харви
Харви - Sputnik Қазақстан
Жазылу
СІМ Техастағы қазақстандықтармен байланыста отыр, қазір бұл штатта соңғы жылдарда болып көрмеген алапат дауыл күшейіп тұр

АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. АҚШ-тағы қазақстандық дипломаттар Техаста күшіне мінген алапат "Харви" дауылы аумағында қалып қойған отандастарымызбен үздіксіз байланыста отыр, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

Ковбойлар - Sputnik Қазақстан
Спорт
Астанада АҚШ командасы тағы да жеңілді

Оның сөзіне сүйенсек, Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі өкілдері Техаста тұратын қазақ диаспорасы белсенділерімен тығыз қарым-қатынаста, солар арқылы Қазақстанның Вашингтондағы консулының телефон нөмірі мен қажет болған жағдайда хабарласатын "қауырт желі" нөмірін таратуда.

"Ресми өкілдердің мәліметінше, әзірге зардап шегушілер арасында қазақстандық азаматтар тіркелген жоқ", — деп атап өтті СІМ өкілі.  

"Харви" дауылының қуаты ең жоғары бес балдан 4 балл деңгейіне жетіп отыр. Мексика шығанағының жағалауында соққан. Қазіргі уақытта желдің ұйытқуының жылдамдығы сағатына 64 километр.

"Харви" он екі жыл бұрын АҚШ-та соққан "Катрина" дауылынан кейінгі ең қуатты дауыл болды.

АҚШ энергетика министрі Рик Перри дауылға байланысты Қазақстанға іссапарын кейінге қалдырыпты.

Жаңалықтар
0