АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Полицейлер бірнеше рет ұрлық жасап, кісеннен қашып кеткен күдіктіні қайта ұстады, деп хабарлады Қарағанды облысының ішкі істер департаменті.
Бірнеше рет біреудің мүлкін ұрлады деген күдікпен 23 жастағы жігітті Михайлов полиция бөлімшесі ұстаған болатын, алайда кісен салып, көлікке апара жатқанда ол қашып кеткен.
Жедел іздеу шаралары барысында қылмыстық полиция қызметкерлері қашып кеткен күдіктіні 26 тамызда ұстады.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Қашып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу мен қызметтік тексеру жүргізілуде.