Өңірлер

Шығыс Қазақстанда полицейлер ер адамды азаптап, қылмысты мойындатпақ болған

© AFP 2024 / Thomas SamsonШығыс Қазақстанда полицейлер ер адамды азаптап, қылмысты мойындатпақ болған
Шығыс Қазақстанда полицейлер ер адамды азаптап, қылмысты мойындатпақ болған - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер ер адамды қызметтік бөлмеде азаптаған

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Шығыс Қазақстан облыстық соты үш полиция қызметкеріне қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Олар күдікті адамды азаптағаны үшін сотталған, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. 

Бойжеткен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Полицейлер ЭКСПО-да жоғалған алтын сағатты иесіне қайтарып берді

Сот криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілдері полиция учаскесінің қызметтік бөлмесінде күдіктіні азаптағанын анықтаған. Полицейлер ер адамды ауыр дене жарақаттарын салғанын мойындатпақ болған. 

Істі тергеуді процессуалдық прокурордың қатысуымен мамандандырылған прокуратура жүргізді. 

Процесс барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыларды кінәлі деп тануын сұраған.

Сот шешімімен Болатбеков пен Бакенбаев 3 жыл 6 айға сотталды, жазасын қылмыстық- атқарушылық жүйенің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Бұдан бөлек, 3 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. 

Купанов 3 жылға бостандығынан айырылды, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқасы күдіктіні азаптағаны үшін сотталған Риддер АІІБ-нің үш қызметкеріне қатысты бірінші сот сатысының үкімін өзгеріссіз қалдырды.


Жаңалықтар
0