АСТАНА, 25 тамыз — Sputnik. Алматы облысындағы әуе апатында ұшқыш - 63 жастағы Анатолий Меньшиков қаза тапты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға дереккөз.
МAULE М-7-260С екі орындық ұшағы 25 тамызда Алматы облысы Балқаш ауданында, Жиделі елді мекенінен 20 км жерде құлады.
Құлаған ұшақ "Олжа Бастау" ЖШС-ға тиесілі, олар апатқа қатысты түсінік беруден бас тартты.
Апатқа ұшыраған ұшақта екі адам болған – ұшқыш пен жолаушы, олардың біреуі қаза тапты. Кейін белгілі болғандай, жолаушы аман қалған.
Аталған оқиға бойынша ҚР ИДМ көлік оқиғаларын тергеу бойынша департаменті тергеу жүргізеді.