Қоғам

Асылжан Жампозов әкесінің өлер алдында не жазып кеткенін айтты

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаАсылжан Жампозов
Асылжан Жампозов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өзін атып өлтірген Өмірбек Жампозовтың ұлы сот үкіміне қатысты пікір білдірді

АСТАНА, 25 тамыз — Sputnik. Өзін атып өлтірген Өмірбек Жампозовтың ұлы Асылжан Жампозов сот үкімінен кейін БАҚ өкілдеріне әкесінің өлер алдында жазып кеткен хатынан бір ауыз сөз айтты. Бұған дейін ол сотта әкесін ақтап алуға күш салатынын мәлімдеген еді. 

"Мен сіздерге әкемнің өлер алдында жазып кеткен хатының соңғы жолын оқып бергім келеді. "Маған жала жауып, соттап жатқандардың жазасын Құдай берсін", деп жазды әкем 2017 жылы 20 шілдеде", — деп жауап берді Асылжан Жампозов БАҚөкілдеріне. 

Асылжан Жампозов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Прокурорға шабуыл жасап, өзін атып өлтірген Жампозовтың ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ал "әкеңіздің сотта ақталатынына үмітіңіз болды ма?" деген сұраққа ол: 

"Иа, әкем де солай болатынына сеніп еді", — деді. 

Айта кетсек, өзін атып өлтірген "Қазводхоз" бұрынғы басшысы Өмірбек Жампозовты бүгін сот кінәлі деп тауып, мемлекеттік қаржыны жымқырды және жымқыруға көмек көрсетті деп таныды. Жампозовтың өліміне байланысты ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сондай-ақ оның Қосшыдағы пәтердегі үлесі мен құны 19 мың теңге болатын ұялы телефоны тәркіленбейтін болды. 

Қалған бес адам 2,5 жылдан 7,5 жылға дейін сотталды. Үкім жарияланғаннан кейін сотталушылардың туғандары көз жасына ерік берді.  

 

Жаңалықтар
0