Қоғам

Прокурорға шабуыл жасап, өзін атып өлтірген Жампозовтың ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаАсылжан Жампозов
Асылжан Жампозов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Асылжан Жампозовтың ұлына билік өкіліне қарсы күш қолданды деген айып тағылған

АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Өзін-өзі атып өлтірген "Қазақстан су шаруашылығының" бұрынғы басшысының ұлы Асылжан Жампозовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Асылжан Жампозов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жампозовтың ұлы ҰҚК-нен әкесінің видеоүндеуіндегі деректерді тексеруді сұрады

" Жампозов А. О. прокурорға қарсы күш қолдануы дерегі бойынша ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігіне сәйкес қозғалған қылмыстық іс Ақмола облысы ІІД тергеу басқармасы өндірісіне түсті", — деп жауап берді баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан сауалына.

Асылжан Жампозовтың өзі Sputnik Қазақстан агенттігіне айтқандай, қылмыстық істің қозғалғанын сейсенбі күні интернеттегі жаңалықтан оқып біліпті.

"Қан жоса болған әкемнің жансыз денесін көріп, жақындап, құшақтап алғым келгенде  болған жайт шығар. Ол менің әкем емес пе. Екі қолымды қайырып ұстап алды, ал мен олардан сытылып шыққым келді, сол кезде қолым біреуге тиіп кеткен шығар, тіпті есімде де жоқ, мең-зең күйде болдым. Бәлкім, біреуді ұрғанымды алға тартып отырған болар", — деді Жампозов телефон арқылы Sputnik Қазақстан агенттігіне.  

Оның айтуынша, әкесін жерлеген соң, баз біреулер хабарласып, ешқандай әрекетке бармауын талап етіп, қорқытпақ болған екен.

Жаңалықтар
0