АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. Қазақстанның түзету мекемелерінде VIP-блоктар жоқ, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов.
Шетелдік БАҚ-тың ақпаратына сәйкес, бір қатар қылмыстар жасады деген күдікпен қамауға алынған марқұм болған Өзбекстан резиденті Ислам Кәрімовтің қызы Гүлнара өзбек СИЗО-сының тергеу изоляторына отырғызылған, атап айтқанда VIP-тұлғаларға арналған корпуста. Қазақстандық журналистер Жақыповтан Қазақстанда осындай VIP-корпустардың бар-жоқтығы туралы сұрады.
"Қазақстан Республикасының түзету мекемелеріндегі ұстау шарты Қылмыстық-атқару кодексінде көрсетілген және онда бас бостандығынан айырылған тұлғалардың белгілі бір санатына арналған VIP-блоктар құру қарастырылмаған. Сол себепті Қазақстанда жаза өтеуге арналған VIP-блоктар жоқ", — деді Жақыпов.
Шілденің соңында, Гүлнара Кәрімованың қамауға алынғаны белгілі болды. Оған Қылмыстық кодекстің алты бабы бойынша айып тағылды.