АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Өзбекстанның қайтыс болған президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара қамауға алынды, оған Қылмыстық кодекстің алты бабы бойынша айып тағылды.
Гүлнара Каримованы қылмыстық қудалау әкесінің көзі тірісінде – 2013 жылы қазанда басталған. Ол кезде ұйымдасқан қылмыстық топқа жәрдемдескені үшін айыпталған болатын. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ҰҚТ 2001-2013 жылдары бірқатар ірі кәсіпорындардың үлесін, акциялары мен ақшасын иемденіп кеткен. Топ мүшелері миллиардтаған ақшаны иемденіп, ысырап қылып, триллиондаған сома салық төлеуден қашқақтаған. Осы айыптауларға байланысты Гүлнара Каримова 2015 жылы тамызда 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген еді.
Басқа деректер бойынша қылмыстық істі тергеу жалғаса берді.
Қазір президентті қызын Қылмыстық кодекстің алты бабы бойынша айыптауда: біреудің мүлкін иемдену, шетелдік валютаны жасыру, кеден заңнамасын бұзу, сауда ережелерін бұзу, жалған құжат жасату, қылмыстық жолмен тапқан кірісті ресмилендіру. Әр бап бойынша миллиардтаған доллар сома көрсетілген.
Каримова бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынды.