Оқиға

Оралдағы ірі жол апаты: зардап шеккендер саны 58 адамға жетті

© Photo : портал "Мой ГОРОД"/Медет МедресовОралда екі жолаушылар автобусы соқтығысты
Оралда екі жолаушылар автобусы соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апатынан зардап шеккендердің көпшілігі есеңгіреп қалған, сондықтан медициналық көмекке бірден жүгінбеген

АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. Оралда екі жолаушылар автобусының соқтығысуынан зардап  шеккендер саны 58 адамға жетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғали. 

Жедем жәрдем машинасы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
БҚО-да ірі жол апаты болды: адамдар айғайлап, терезеден секіріп жатты

Жол апаты 24 тамыз күні таң ертең болды. №7 автобустың жүргізушісі Renault DUSTER көлігімен соқтығысы, сосын басқа автобусқа соғылды. Салдарынан екінші автобус алдында жүрі бара жатқан көлікке соғылды. 

"Ең алдымен медициналық көмекке 10 зардап шегуші жүгінді, сосын зардап шеккендер саны 45 адамға артты. Қазір сол жол апатынан жарақат алғандардың жалы саны 58 адамды құрады. Бұл адамдардың есеңгіреп қалғанын білдіреді, жұмыстарынан жетіп алып, өздерін нашар сезінген соң дәрігерлік көмекке жүгінген", — деді Беркінғали. 

Оның деректеріне сәйкес, 17 адам облыстық клиникалық ауруханада тексерілді, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Тағы 41 адам қалалық көп бейінді ауруханада тексеруден өтті, нәтижесінде екі адам ауруханаға жатқызылған. Осылайша, соңғы деректерге сәйкес, зардап шеккеннен 58 адамның үшеуі ауруханаға түсті. 

Зарда шеккендердің арасында төрт жеткіншек бар. 


Жаңалықтар
0