Өңірлер

Оңтүстік Қазақстанда жаяу жүргіншілерді қаққан полицейдің көлігінен оқ ататын қару табылды

© Photo : Bruno GlätschМылтық
Мылтық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш жаяу жүргіншіні қаққан тәртіп сақшысының көлігінен төрт оқ ататын қару табылған

АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Шымкентте жаяу жүргіншіні қағып өлтірген полицейдің көлігінен оқ ататын қару табылды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы.

Қан - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шымкентте полицей жаяу жүргіншіні қағып, өлтіріп кетті

Полицей Жандос Оразалиев 18 тамыз күні BMW көлігімен қарама-қарсы қозғалыс жолағына өтіп кетіп, бір отбасының үш адамын қағып кетті. Полицей оқиға орнынан қашқан. Жаяу жүргіншілердің бірі, отағасы, оқиға орнында қаза тапты. Екі зардап шегуші – әйел мен бала – ауруханаға жеткізілген. Үш күннен соң күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама Оразалиевтың қанында ішімдік пен есірткілік заттардың барын растамады. Тергеуді ОҚО прокуратурасы өз бақылауына алған.

Оразалиевың көлігінен "Сайга" аңшы карабині, Драгунов мергендік винтовкасы, Симонов карабині және "Браунинг" тапаншасы табылған. Қару оның әкесінің атына жазылыпты.

Тергеу ісі жалғасуда.


Жаңалықтар
0