Оқиға

Шымкентте полицей жаяу жүргіншіні қағып, өлтіріп кетті

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуҚан
Қан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Адам өліміне әкеп соққан жол апатына себепкер полицей қамауға алынған

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Шымкентте құқық қорғау органдарының қызметкері жаяу жүргіншілерді қағып кеткен, зардап шегушілердің бірі қаза тапты, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алакөл маңында джип аударылып, екі адам қаза тапты

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жол апаты 18 тамызда Жібек жолы көшесінде болыпты. Отыз екі жастағы BMW жүргізушісі үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан 1980 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза тапты. Зардап шеккен тағы екі адам: 1981 жылы туған әйел мен 2010 жылы туған бала әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Жол апатына себепкер құқық қорғау органдарының қызметкері болып шықты, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтар
0