АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. ҚР инвестиция және даму министрлігі көліктік апаттар мен оқиғаларды тергеу департаменті Алматы облысындағы ұшақ апатының комиссияның бастапқы мәліметі бойынша мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.
2017 жылы 27 шілдеде Алматы облысы Шолақай елді-мекенінде ұшақ жерге құлады.
Құлау салдарынан оң жақ жанармай багі жарылып, ұшақтың алды өртеніп кеткен. Ұшақтың ұшқыш отыратын кабинасы толығымен жанып, құйрық жағы ғана сақталынған. Ұшақ пен қызметтік жолаушы қаза тапты.
Ұшақ шаруа қожалығымен жасалған шартқа сәйкес ұшырылып, химиялық өңдеу бойынша қызмет көрсеткен.
Ұшқыштың ұшақпен ұшуға және авиа-химиялық жұмыстар жүргізуге рұқсаты болған.
Жұмыс істеген аймақта қауіпті метеоқұбылыстар байқалмаған және болжанбаған.
Як-12М ұшағының қозғалтқышын зерттеп анықтау үшін 21 тамыздан бері комиссия Мемлекетаралық авиациялық комитет сарапшылары және "Шахтинский авиациялық-жөндеу зауыты" өкілдерімен (Ростов облысы, Ресей) бірге кездесу өткізуде. Бұл зауыт қозғалтқышты 2012 жылы жөндеуден өткізген. Соңғы рет жөнделгеннен бері ұшу ұзақтығы 397 сағат 55 минут.