Өңірлер

Як-12 ұшағы апатының бастапқы себебі анықталды

© Photo : прокуратура Панфиловского района Алматинской областиЖаркент түбіндегі әуе апаты
Жаркент түбіндегі әуе апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Әуе көлiгi жүрісі немесе оны пайдалану қауіпсіздігін бұзу екі және оданда көп адамның өліміне әкеп соғуы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Як-12 ұшағының апатына әуе көлігінің жер бетіне соғылуы себеп болуы мүмкін, деп хабарлады инвестиция және даму министрлігінің көлік апатын тергеу бойынша департаменті директоры Жәнібек Тайжанов.

Як-12 - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жаркент түбіндегі ЯК-12 апаты: прокуратура құрбандар жайлы мәлімет жариялады

Еске сала кетсек, 27 шілдеде Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында ЯК-12 ұшағы құлап, жанып кеткен. Ұшақтың ішінде болған 2 адам қаза тапты: 1963 жылы туған ұшқыш Хамит Ақбергенов пен 1978 жылы туған "Аршидинов" шаруашылық қожалығының басшысы Мәсімжан Мәсімов. 

Ұшақ авиахимиялық жұмыстарды жүргізіп жүрген.

Оқиғаны тергеу бойынша комиссия құрылып, апат болған жерге аттанып кетті. Нәтижесі кейінірек хабарланады.   

ҚР ҚК 344-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бастапқы тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

Жаңалықтар
0