АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Қостанайда жас жұбайлар үйлену тойы алдында жол апатына түсіп, зардап шекті.
Жол апаты сенбі, 19 тамызда түстен кейін болған. Жас жұбайлар мінген көлік "ВАЗ-2114" көлігіне соқтығысыпты. Куәгерлердің айтуынша, жол апатына себепкер жүргізуші қатты жылдамдықпен келе жатып, жас жұбайлар отырған көлікке жол бермеген. Көлік апатынан жас жұбайлар мінген көлік ығысып барып соғылған тағы бір машина зардап шекті. Бұл жайт туралы ақпаратты Қостанай облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі растады.
Үшінші көліктің иесі Валерий Козлачков айтуынша, көлігі үйінің қасында тұрған. Жас жұбайлар мінген көлік қатты соққыдан ығысып, оның көлігін қағыпты. Зардап шеккендерге алғашқы көмекті өзі көрсеткен екен.
"Күйеу жігіт, қалыңдық, куәгерлер – бәрі қан-жоса болды, — дейді Козлачков. – Есінен танып қалған, жедел жәрдем алып кетті, жол апаты маңындағы кафеде тойлары өтуі тиіс еді, оны кейінге қалдырды".
Жол апатынан зардап шеккендердің жарақаты ауыр емес, ауруханаға жатудан бас тартқан. Полиция мәліметінше, апатқа кінәлі – 20 жастағы жас жігіт – туысының көлігінің рөлінде болыпты. Сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр.