АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. "Тойота Камри" көлігін мінген мас полицей Ақсуда тұрақта тұрған көліктерге соғылған, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі дүйсенбі күні.
"Полиция капитаны Айтқазин Мақсат еңбек демалысында жүріп, мас күйінде "Тойота Камри" рөліне мініп, автотұрақта тұрған көліктерді соққан. Ешкім зардап шеккен жоқ", — делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде. Полицейді жұмыстан шығару мәселесі қаралып жатыр.
Сонымен бірге, ІІД мәлімдеуінше, тікелей басшылар да тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.