Оқиға

Ақмола облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты

© Sputnik / Серикжан КовланбаевӨтуге болмайды
Өтуге болмайды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерейментау ауданында Астана – Ерейментау – Шідерті салынып жатқан жолында көлік апатынан екі адам көз жұмды

АСТАНА, 21 тамыз  – Sputnik. Ақмола облысында салынып жатқөан жолда жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Дөңгелек айырбастау - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанаға жақын маңда дөңгелек ауыстырып жатқан жүргізушіні көлік қағып, өлтіріп кетті

Жол апаты жексенбі күні Ерейментау ауданында Торғай ауылына жақын жерде Астана – Ерейментау – Шідерті жолында болған.

Shaanxi (Шанси) жүк көлігінің жиырма екі жастағы жүргізушісі басты жолы кесіп бара жатып, ВАЗ-2114 көлігіне жол бермей, соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 28 жастағы жеңіл көлік жүргізушісі мен оның 22 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Көз жұмғандардың денесі мәйітханаға жөнелтілді. Қылмыстық іс қозғалған.

Жаңалықтар
0